23.01.2020, 13:31 19146

Әлеуметтік аударымдарды төлеушінің міндеті бекітілген

Заңның 17-бабына сәйкес әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өтелмеген жағдайда, пайдасына әлеуметтік аударымдар өндіріп алынатын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар тізімі хабарлама жіберген мемлекеттік кірістер органына ұсынылады:

Алматы. 21 қаңтар. Kazakhstan Today - Әлеуметтік аударымдарды төлеушінің міндеті бекітілген.

"Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жойды.

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №286-VІ ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) күшіне енді.

Жалпы, Қазақстан Республикасының "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Заңымен әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өндіріп алу жөніндегі негізгі ережелер сақталған.

Сонымен бірге, "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында әлеуметтік аударымдарды төлеушінің пайдасына әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өндіріп алынатын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімдерін мемлекеттік кірістер органдарына беру міндеті бекітілген.

Заңның 17-бабына сәйкес әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өтелмеген жағдайда, пайдасына әлеуметтік аударымдар өндіріп алынатын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар тізімі хабарлама жіберген мемлекеттік кірістер органына ұсынылады:

1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі ретінде жіктелген төлеуші - оған хабарлама жіберілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;

2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған төлеуші-оған хабарлама табыс етілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде.

Бұдан басқа, Заңның 17-бабының 6-тармағында төлеуші ұсынған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімін қоса бере отырып, Мемлекеттік кірістер органының инкассалық өкімінің негізінде төлеушілердің банк шоттарынан әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өндіріп алу көзделген.

Агенттің Мемлекеттік кірістер органдарына пайдасына міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ) бойынша берешек өндіріп алынатын жеке тұлғалардың тізімдерін ұсыну міндетін көздейтін ұқсас өзгерістер), сонымен қатар МЗЖ, МКЗЖ бойынша берешектерді және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша аударымдарды және (немесе) аударымдарды жинау туралы бұйрық негізінде берешекті пайдасына өндіріп алатын қызметкерлердің тізіміне қосымшасы бар "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны