17.12.2012, 12:46 3021

Лисаковқа 2013-2015 жылдары моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында 2,5 млрд теңге бөлінді

"Лисаков қаласын дамытудың кешенді жоспарына сәйкес, 2013-2015 жылдарға республикалық бюджеттен 2 537,2 миллион теңге көлемінде мақсатты трансферттер бөлу жоспарлануда. Оның 2098,8 миллион теңгесі әлеуметтік-инженерлік инфрақұрылымдарды дамытуға, 438,4 миллион теңгесі моноқаланы орнықтыру мәселесін шешуге жұмсалмақ", - деді ол.

Қостанай. 17-желтоқсан. Kazakhstan Today - Лисаков қаласына 2013-2015 жылдарға арналған "Моноқалаларды дамыту" мемлекеттік бағдарламасы аясында 2 537,2 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Лисаков қаласының әкімі Виктор Радченко мәлім етті.

"Лисаков қаласын дамытудың кешенді жоспарына сәйкес, 2013-2015 жылдарға республикалық бюджеттен 2 537,2 миллион теңге көлемінде мақсатты трансферттер бөлу жоспарлануда. Оның 2098,8 миллион теңгесі әлеуметтік-инженерлік инфрақұрылымдарды дамытуға, 438,4 миллион теңгесі моноқаланы орнықтыру мәселесін шешуге жұмсалмақ", - деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, Моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында 2013 жылы 280 орынға арналған балабақша құрылысын бастап (2016 жылы пайдалануға беріледі), Октябрьский кентіндегі 150 орындық балабақшаны қайта қалпына келтіру жұмыстарын аяқтау жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны