21.02.2011, 12:38 4594

Ливия астанасында қақтығыстар басталды

Ливия астанасында қақтығыстар басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 21 - ақпан. Kazakhstan Today - Ливия астанасында қақтығыстар басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz агенттігінің хабарлауынша, Ливия астанасы Триполи қаласында дүйсенбіге қараған түні, 21 ақпанда Муаммара Каддафи режиміне қарсы топ елдің арнайы қызмет бөлімшелерімен қақтығысқа.

Кейбір деректер бойынша, қақтығыс Триполидің орталық алаңында және қаланың төрт ауданында болып жатыр. Қалада мылтықтың дауысы естілуде деп хабарлануда, ал полиция көзден жас ағызатын газ бен әскери оқтарды қолдануда. Изірге зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. 15 ақпанда басталған наразылық акциясы әлі күнге дейін бірде бір рет ел астанасында өтпеген болатын.

Жексенбі күні жау жағына ливия армиясының жеке бөлімшесі өте бастады деген хабар шықты.

Италияның СІМ басшысы Франко Фраттини ливия билігі конституция реформасын қарап шығуға дайын деп мәлімдеді, деп хабарлайды Associated Press.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны