20.12.2006, 13:45 2852

Ливияда балаларға ВИЧ індетін жұқтырғаны үшін бес мейірбике мен дәрігер ату жазасына бұйырылды

АЛМАТЫ. 20-желтоқсан. Kazakhstan Today. Ливияда 400 астам балаға ВИЧ індетін жұқтырғаны үшін болгариялық бес мейірбике мен палестиндық дәрігер ату жазасына бұйырылды деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі шетелдік БАҚ-ға сілтеме жасай отырып.

1999 жылы Бенгази қаласының ауруханасында 426 баланың қауіпті ауруды жұқтырғандығы анықталған болатын. Тергеудің бастапқы негізгі болжамы бұл инфекцияны қасақана жұқтыру болды. Негізгі дәлел айыпталушылардың өздерінің қылмыстарын мойындағандығы болатын.

2004 жылы сот айыпталушыларды ату жазасына бұйыру туралы өкім шығарған. Бірақ, айыпталушылар істерін қайта қарауды талап еткен шағым-арыз жазған. Мейірбикелердің сөзіне сүйенсек, оларға билік өкілдері тарапынан қысым жасалған.

Мейірбикелерді жәбірлеу деректері бойынша Ливия өкіметі тергеу жүргізген. Болгариялық мейірбикелерге қысым көрсетті деген айыппен тоғыз полицейге қатысты іс қозғалған, бірақ сот құқық қорғау органдарының өкілдерін ақтап шығарды.

Былтырғы жылдың аяғында Ливияның Жоғарғы соты болгариялық мейірбикелердің адвокаттарының берген шағым-арыздарын қанағаттандырып, өлім жазасының күшін жойған, сондай-ақ осы іс бойынша жаңа тергеу жұмыстарын жүргізуге өкім шығарған.

Ливияның Жоғарғы соты болгариялық мейірбикелер мен палестандық дәрігерді балаларға ВИЧ індетін қасақана жұқтырған деп танып, соңғы өкімді 2006 жылдың 19 желтоқсанында шығарды.

Сотталғандардың адвокаттары қайталап шағым-арыз беретіндіктерін хабарлауда. Шетелдік БАҚ хабарлауынша, сотталғандарға тек Ливияның Жоғарғы кеңесі ғана рақымшылық жасай алады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны