24.02.2011, 17:03 3590

Ливиядан Киевке жеткізілген 138 азаматтың ішінде 4 қазақстандық бар

Ливиядан Киевке жеткізілген 138 азаматтың ішінде 4 қазақстандық бар, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Киев. 24 - ақпан. Kazakhstan Today - Ливиядан Киевке жеткізілген 138 азаматтың ішінде 4 қазақстандық бар, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz агенттігінің хабарлауынша, Украина ұшағы бүгін түнде Ливиядан Киевке Украина, Ресей және өзге де елдердің 138 азаматын жеткізген. Бұл туралы Солтүстік Африка және Таяу Шығыс мемлекеттері аумағында Украина азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс тобының басшысы болып табылатын, бірінші вице-премьер-министр - экономикалық даму және сауда министрі Андрей Клюев Жорналшыаерге хабарлады.

Оның сөзіне қарағанда, келгендердің арасында Украинаның 100 азаматы, Польшаның - 11, Изірбайжанның - 10, Ресейдің - 5, Чехияның - 4, Қазақстанның - 4, Словакияның -2, Венгрияның - 1, Румынияның 1 азаматы бар, деп хабарлайды РБК.

"Украина өкілдері азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өзге елдердің өкілдерімен өте қиын жағдайда жұмыс істеп жатыр - ол жерде министрлер кабинетінің және маңызды министрліктердің қызметкерлері жұмыс істеуде", - деп атап өтті бірінші вице-премьер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны