04.03.2008, 18:43 2951

Lloyd's Register Group Қазақстан мамандарымен тренинг өткізіп жатыр

Lloyd's Register Group Қазақстан мамандарымен тренинг өткізіп жатыр

Астана. 4 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - 2008 жылы наурыздың 3-5 аралығында Lloyd's Register Group халықаралық жіктеу қоғамы халықаралық теңіз конвенциясының талаптарын іс жүзінде қолдану бойынша ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитетінің Су көлігін бақылау басқармасының мамандарымен тренинг өткізеді. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Тренингтер Қазақстан Республикасында тіркелген әкімшілік немесе соттардың тапсырмасымен іске асырылатын қызметтерді көрсету өкілдігін бөлу бойынша 2007 жылдың қыркүйек айында Қазақстанның Көлік және коммуникация министрлігі мен Lloyd's Register Group арасында қол қойылған келісім аясында жүргізіліп жатыр. Тренинг аяқталысымен дайындықтан өткен мамандарға сертификаттар табыс етілетін болады", - деп көрсетілген ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі таратқан баспасөз баянында.

Lloyd's Register Group компаниясымен өзара ынтымақтастық Қазақстанға дүниежүзілік теңіз қоғамдастығына интеграциялануға, заманауи қауіпсіздік, сапа және қоршаған ортаны қорғау стандарттарын икемдеп, енгізуге, халықаралық стандарттар мен талаптарға сәйкес кемелерді жіктеуді және техникалық қадағалауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, бұл Халықаралық теңіз ұйымының конвенция нормалары талап ететін ИСО 9001:2000 сапа менеджменті жүйесіне сәйкес сертификациядан өтуге көмектеседі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны