18.09.2018, 12:41 6189

LMFAO жобасындағы RedFoo Алматыны қала күнімен құттықтады

"Көрермендердіӊ мені қалай қабылдағаны таӊдандырды, олар меніӊ энергиямды бірден сезінді. Келушілер шоуға белсене атсалысып, билеп өздерін емін-еркін ұстауы, адамдардыӊ қалыптастырған ауаны мені ерекше таӊдандырды", - деді RedFoo.

Алматы. 16 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда "BIRTHDAY PARTY ALMATY" атты мерекелік концерт өтіп, оған мегаполистіӊ 10 000 астам тұрғындары мен қонақтары қатысты. Іс-шара барысында отандық және шетелдік әртістер қала тұрғындарын Қазақстанныӊ сүйікті оӊтүстік астанасыныӊ 1002 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Американдық танымал дэнс хип-хоп дуэтініӊ жетекшісі RedFoo осы орайда өзіне алматылықтардыӊ өте ұнағанын атап өтті.

"Көрермендердіӊ мені қалай қабылдағаны таӊдандырды, олар меніӊ энергиямды бірден сезінді. Келушілер шоуға белсене атсалысып, билеп өздерін емін-еркін ұстауы, адамдардыӊ қалыптастырған ауаны мені ерекше таӊдандырды", - деді RedFoo.

Иртіс концерт басталар алдында ғана қалаға ұшып келгенін, мегаполистіӊ көрікті жерлерімен танысып үлгермегенін, әйткенмен келесі күні Алматыныӊ көркімен, қазақ халқыныӊ салт-дәстүрлерімен танысуға уақытын арнайтынын атап өтті.

Бұл құттықтауларға "Градусы" тобы да қосылды. Алматыға бұған дейін де талай рет келген ресейлік жұлдыздар мегаполистегі еӊ тамаша орын - ақ басты таулар, ал жанға жағымды, ақжарқын әрі кеӊқолтық шығыстыӊ атышулы қонақжайлығы бас айналдырады дейді.

"Біз өзімізбен бірге жұмыс істейтін әртістердіӊ барлығын ала келуге уәде береміз", - деді Сюзанна, "Мальбек пен Сюзанна" триосыныӊ мүшесі.

Алматыда Қала күніне арналған ауқымды мерекелік шаралар өтті. Мереке күні дәстүрлі "Apple Fest" алма фестивалі ұйымдастырылып, шара бірден бірнеше алаӊда: ҚР Тұӊғыш Президентініӊ саябағында, Панфилов көшесінде, Almaty Arena алдындағы алаӊда, Жібек Жолы көшесінде, Абай және Астана алаӊдарында, Орталық мәдениет және демалыс саябағында, "Көктөбеде" өтті.

Қара күні мерекесі Алматы алаӊындағы мерекелік отшашумен аяқталды.

Еске сала кетейік, қала күні аясында тамыздан бастап қыркүйек айлары аралығында 100-ден астам іс-шара өткізілді, олардыӊ арасында Оркестер фестивалі, "MURAL FEST" монументалдық өнер фестивалі, Almaty Film Festival, Jazzistan, "ALMATY YOUTH SPACE" жастар фестивалі, "RED BULL FMX JAMS" және т.б.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны