14.07.2011, 17:59 3606

Лондон қаласында көлікті жөнді қоймаған Қазақстан ең үлкен айыппұл төледі

Дипломаттары орталық Лондонда көлікті қою ережелерін бұзған екі шетел елшіліктері қомақты айыппұлдарын төледі, деп хабарлайды Британияның Independent газеті.

Алматы. 14 шілде. Kazakhstan Today - Қазақстан 2010 жылы Лондон қаласындағы дипломаттарының көлікті дұрыс қоймағаны үшін ең үлкен айыппұлды төледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Дипломаттары орталық Лондонда көлікті қою ережелерін бұзған екі шетел елшіліктері қомақты айыппұлдарын төледі, деп хабарлайды Британияның Independent газеті.

"Вестминстерлік кеңес тарапынан ықпал жасалғаннан кейін Қазақстан өзіне есептелген 627 түбіртек бойынша 37 160 фунт стерлинг төледі. Ал Нигерия елшілігі дипломаттары былтырғы жылы алған 78 тұрақ түбіртегі бойынша 3450 фунт стерлинг көлеміндегі қарызын жапты", - деп көрсетілген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны