10.04.2014, 19:42 3744

Лондонда Дулат Исабековтың "Транзит жолаушы" атты пьесасы бойынша спектакль көрсетілімі өтті

Лондонда Қазақстан Елшілігінің қолдау көрсетуімен Қазақстанның Мәдениет күндері аясында Дулат Исабековтың "Транзит жолаушы" атты пьесасы бойынша спектакль көрсетілімі өтті.

Алматы. 10 сәуір. Kazakhstan today. Лондонда Қазақстан Елшілігінің қолдау көрсетуімен Қазақстанның Мәдениет күндері аясында Дулат Исабековтың "Транзит жолаушы" атты пьесасы бойынша спектакль көрсетілімі өтті.

Лондондық "Lion & Unicorn" театрында алғаш көрсетілім толық аншлагпен өтті, деп Сыртқы істер министрлігінен хабарлады. Ағылшындық актерлер Кэти Тривилиан және Марк Стантон басты рөлдерді сомдады.

Қазақ әдебиетінің туындысын британдық оқудың ерекшелігі және актерлердің шебер ойыны залда отырғандардың ешқайсысын да селқос қалдыра алмады. Алғаш көрсетілім британдық көрермендердің сүйіспеншілігіне ие болды. Олардың пікірлерінше, спектакль оларды тек қазақ мәдениетімен, дәстүрімен, тұрмыс және қатынастарымен таныстырып қана қоймай, ең алдымен, рухани байланыстар және отбасылық құндылықтардың маңызы туралы ойға шомуға мәжбүр етті. Қазақ жазушысының "Неліктен абсолютті бөтен адам күтпеген жерден ең жақын адамға айналады" атты басты мәселесі британдық аудиторияның ұнамды пікірін туындатты.

Қойылым апта бойы Лондонда, содан кейін Ұлыбританияның басқа қалаларында өтетін болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны