28.10.2018, 13:03 4092

Лондонда Н.Назарбаевтыӊ ағылшын тіліндегі "Тәуелсіздік дәуірі" кітабыныӊ тұсаукесері өтті

Тарихи кітаптыӊ тұсаукесер рәсімін Лондонда ҚР Тұӊғыш Президенті - Елбасы Қорыныӊ атқарушы директорыныӊ орынбасары Игорь Рогов өткізді.

Астана. 28 қазан. Kazakhstan Today - 2018 жылғы 22 қазанда Лондон қаласында, "Азия үйі" штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Н.И. Назарбаевтыӊ ағылшын тіліндегі "Тәуелсіздік дәуірі" кітабыныӊ тұсаукесер рәсімі өтті.

Іс-шараны ҚР Тұӊғыш Президенті Қоры және Қазақстан Республикасыныӊ Ұлыбритания Біріккен Корольдігіндегі және Солтүстік Ирландиядағы Елшілігі ұйымдастырды.

Мемлекет Басшысы кітабыныӊ тұсаукесері үстіміздегі жылғы көктемде Қордыӊ бастамасымен Ресей Федерациясында - Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларында өтті.

Тарихи кітаптыӊ тұсаукесер рәсімін Лондонда ҚР Тұӊғыш Президенті - Елбасы Қорыныӊ атқарушы директорыныӊ орынбасары Игорь Рогов өткізді. Іс-шараға "Парламентарии за нераспространение и ядерное разоружение"(Парламентарилердіӊ қарусыздану мен ядролық қаруды таратпау қозғалысыныӊ)теӊ төрағасы, баронесса Сьюзан Миллер, Қазақстан-Британ Қоғамыныӊ төрағасы Руперт Гудман, Ұлыбритания Парламентініӊ депутаттары, қоғамдық қайраткерлер, дипломатиялық корпустыӊ өкілдері және басқалары қатысты.

"Тәуелсіздік дәуірі" кітабы туралы айта келе, ҚР Тұӊғыш Президенті - Елбасы Қорыныӊ атқарушы директорыныӊ орынбасары Игорь Рогов былай деді: "Қазақстан Президентініӊ осы шығармашылық еӊбегі әрбір қазақстандық үшін өте жақын, өйткені еліміздіӊ тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы жылдарын көрсетеді. Кітапта елімізде болған күрделі үрдіске, бетбұрысты сәттерге тереӊ талдау жасалған. Сонымен қатар, онда Республиканыӊ алдында тұрған жаӊа міндеттер бейнеленген. Осыныӊ барлығы кітапты нағыз тарихи құжат ретінде көрсетеді. Оныӊ құндылығы осында".

Оныӊ айтуынша "Тәуелсіздік дәуірі" кітабы жастар үшін ерекше пайдалы. "Егемендік жылдары қазақстандықтардыӊ еркін, белсенді, ашық жаӊа буыны келді. Болашақтыӊ іргетасын қалау үшін оныӊ қайнар көзін, өзініӊ тарихын білу керек. Елдіӊ биіктікке қалай қол жеткізгенін, қандай сын-тегеуріндерді еӊсергенін түсінуі өте маӊызды болып табылады".

Қор Мемлекет Басшысы кітабыныӊ тұсаукесерін шетелде ұйымдастыруды жалғастырады, кездесулер Берлинде, Парижде, сондай-ақ Бразилиада өтеді.

Баронесса Сьюзен Миллер Қазақстанныӊ ядролық қарусыз әлем қалыптастырудағы нақты қадамдарын атап өтті: "Тәуелсіздіктіӊ қысқа мерзімінде Қазақстан айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Тәуелсіздік жарияланғанға дейін де 1989 жылы Қазақстан әлемде тұӊғыш болып сынақ полигонын жабу үшін ядролық сынақтарға қарсы халықаралық қозғалысқа жол ашты.

Кездесу барысында танымал британдық режиссер Андре Сингердіӊ Семей ядролық полигонындағы сынақтардыӊ салдары және ядролық қарусыз әлем қозғалысы туралы"Жел тұрғанда" атты деректі фильмі көрсетілді.

ҚР Тұӊғыш Президенті - Елбасы қорыныӊ халықаралық қызметі туралы

ҚР Тұӊғыш Президенті Қорыныӊ халықаралық қызметі аясында Гейдар Алиев (Азербайжан) қорымен, Азия Үйімен (Испания), БҰҰ Балалар Қорымен (БҰҰБҚ) және Korea Foundation (Оӊтүстік Корея) қорларымен талантты жастарға қолдау көрсетуге, білім саласындағы креативті идеяларды, әлеуметтік саясатты және жаӊа технологияларды жүзеге асыруға бағытталған келісімдерге қол қойылды. Гои бейбітшілік қорымен (Жапония) жасалған меморандум ядролық қаруға қарсы бастамаларды іске асыруға ықпал ететін, жаһандық бейбітшілікті нығайтатын іс-шараларды бірлесіп өткізуді көздейді.

ҚР Тұӊғыш Президенті Қоры БҰҰ, ЕҚЫҰ, халықаралық сарапшылардыӊ қатысуымен тұрақты түрде конференциялар ұйымдастырады. Іс-шаралардыӊ басты міндеттері - әлемде қауіпсіздікті сақтау, білім саласын дамыту, жастарға қолдау көрсету жөніндегі өзекті мәселелерді талқылау.

Жыл сайын Қор ірі халықаралық алаӊдардыӊ бірі болып табылатын "Астана Клубын" ұйымдастырады. Бұл жерде ғаламдық сараптау қауымдастығы мен әлемдік саяси элита бір үстелдіӊ басында кездеседі. Заманауи әлемніӊ даму тұрғысында қаралатын маӊызды халықаралық мәселелер пікірталастыӊ негізгі тақырыбына айналады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны