04.07.2019, 19:15 9313

"Ұлттық Домбыра күні" аясында қасиетті домбыра сыйға тартылуда

Ақтау. 3 шілде. Kazakhstan Today - "Ұлттық Домбыра күні" аясында Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы "Ұлттың саз байрағы - Домбыра" акциясын өткізуде.

Мерекеге орай Маңғыстау облысы бойынша барлық перзентханалар және "Ана мен бала" орталығында "Қазақстан халқы Ассамблеясынан жеті қасиетті домбыра сыйға" акциясы ұйымдастырылып, дүниеге келген сәбилерге ұлттық аспап - домбыра салтанатты түрде табыс етілуде. Домбырамен қоса сәбидің анасына киелі аспаптың мәні мен құндылығы насихатталып, "Бір анадан туған ең көп бала", "Ерекше есім", "Домбырашы ана", "Ұлттық Домбыра күні бірінші дүниеге келген сәби" номинациялармен және бағалы силықтармен марапатталуда.

Маңғыстау облысының "Ана мен бала" орталығында үшемді дүниеге әкелген ана Мұсағалиева Гүлдана Мақсұтқызы "Бір анадан туған ең көп бала" номинациясы бойынша марапатталып, қазақтың қасиетті домбырасы сыйға ұсынылды.

"Ұлттық Домбыра күні" мерекесі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 12 шілдедегі №699 Жарлығымен бекітілген болатын.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны