29.01.2020, 16:17 9040

Ұлттық ұлан жауынгерлері 100-аса адамды қардың құрсауынан шығарды

Қатты жауған қардың салдарын жоюға Қарағанды-Теміртау тас жолына Ұлттық ұланның 10 жауынгері мен екі техникасы тартылды. Тас жолдың осы аумағынан 90 адам, оның ішінде 4 бала мен аяғы ауыр әйел құтқарылды.

Алматы. 29 қаңтар. Kazakhstan Today - Ұлттық ұлан жауынгерлері 100-аса адамды қардың құрсауынан шығарды. Олардың арасында 28 ересек, төрт бала және бір аяғы ауыр азаматшаны ұландықтар Нұр-Сұлтан - Шортанды тас жолынан қаңтардың 26-нан 27-не қараған түні эвакуациялады. Түнгі сағат екіден бастап Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімі командирінің техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары подполковник Самат Аюпов пен екі жүргізушісі бар ұландық экипаж, сондай-ақ ТЖ департаментінің үш қызметкерімен бірге қардың кесірінен жолда қалған адамдарды құтқара бастады. Елордаға қайтар жолда олар 20-ға жуық автокөлікті қардан шығарды.

- Ішкі істер министрі және Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бұйрығы бойынша біз түнгі екіде жедел түрде "Урал" жоғары өтімділікке ие екі көлікпен Нұр-Сұлтан - Шортанды тас жолына жол тарттық. Қатты боран соқты. Айнала көрінбей тұрды. Алғашқы көлікті біз қаладан 15 шақырымдай жерден таңғы алтыда қардан шығардық. Алға жылжу қиынға соқты. Біз ақырын жүрдік. Барлығы 28 адам эвакуацияланды. Боран олардың барлық көліктерін қармен жапқан. Біз оларды жеке құрамды тасымалдауға арналған жылытқышпен жабдықталған "Урал" автомобиліне отырғызып, ішетін су мен жылы киім-кешектер бердік, - дейді Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімі командирінің техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары подполковник Самат Аюпов.

Қазіргі кезде құтқарылғандар елордаға аман-есен жеткізілді. "Рахмет" сауда үйінің жанына келіп түскен азаматтар жақындарына тапсырылды.

Қатты жауған қардың салдарын жоюға Қарағанды-Теміртау тас жолына Ұлттық ұланның 10 жауынгері мен екі техникасы тартылды. Тас жолдың осы аумағынан 90 адам, оның ішінде 4 бала мен аяғы ауыр әйел құтқарылды.

Руслан Жангулин,

ҚР Ұлттық ұланы баспасөз қызметінің бастығы

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны