27.07.2006, 16:24 2943

Лукашенко Байқоңыр ғарыш айлағына келді, ол алғашқы белорус жер серігінің ұшырылуын тамашалайды

БАЙҚОҢЫР. 27 шілде. Kazakhstan Today. Белорусия президенті Александр Лукашенко жұмыс сапармен Байқоңырға келді, ол белорустың алғашқы "БелКа" жасанды жер серігінің ұшырылуын тамашалайды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Осыған дейін хабарланғандай белорус басшысы қаламен танысып, ғарыш айлағының ұшырылу алаңын, "БелКа" ғарыш аппаратын ұшыру орнын және ғарышкерлердің ұшыру алдындағы дайындық кешенін көруді, сонымен қатар, "Гагарин бастауын" тамашалауды ниет етіп отыр.

Сондай-ақ, А. Лукашенко Ресей Федералды ғарыш агенттігінің басшысымен кездеседі деген болжам бар.

"Днепр" зымыран-тасығышы 27 шілде күні Астана уақыты бойынша 1 сағат 43 минутта (мәскеу уақыты бойынша 26 шілде күні 23 сағат 43 минутта) ғарыш айлағынан ұшырылады.

Алғашқы беларус ғарыш аппаратын "Энергия" зымырандық-ғарыш корпорациясы жасап шығарған. Жер серігінің арнаулы аппаратурасын беларус мекемесі дайындаған. Жер серігі геодезиялық, картографиялық және метеорологиялық жұмыстарын жүргізеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны