09.09.2022, 08:52 23781

Ұлыбритания патшайымы Елизавета II қайтыс болды

Ұлыбритания патшайымы Елизавета II қайтыс болды
Сурет: pixabay.com
ЛОНДОН. 9 ҚЫРКҮЙЕК - Ұлыбритания патшайымы Елизавета II Шотландиядағы Балморал қамалында қайтыс болды. Патшайым 96 жаста еді.
 
Суыт хабарды Букингем сарайы растады.
 

Патша мен патшайым консорты бүгін кешке Балморалда қалып, ертең Лондонға оралады", - делінген ресми хабарламада.

 
Елизавета II Шотландиядағы Балморал қамалында болған.
 
Бұған дейін дәрігерлер Британдық патшайымның денсаулығына алаңдаушылық білдірген еді. Оған дәрігерлердің бақылауында болуға кеңес берілді.
 
Елизавета II 1926 жылы Йорк герцогы мен герцогинясының отбасында дүниеге келген. 
 
Патшайым елді 1952 жылдың ақпанынан бастап 70 жыл бойы басқарған. Оның билігі кезінде елде 15 премьер-министр ауысты.
 
Ақпарат көзі: egemen.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны