10.02.2025, 10:20 138986

Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай ақынның өлеңіне жазылған жаңа ән радиодан шырқалды

Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай ақынның өлеңіне жазылған жаңа ән радиодан шырқалды
Қазақтың көрнекті қаламгері Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай Қазақстан радио арналарының эфирінде ақынның "Махаббатым өзімде" өлеңіне жазылған әннің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.

Әннің музыкасын композитор Қадылбек Жағыпаров жазса, оны Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі, жас көрермен музыкалық театрының актрисасы Мақпал Дүйсен орындады.

Музыкалық туындының жарыққа шығуына Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі қолдау көрсетті.

Әннің премьерасы "Qazaq Radiosy" және "Shalqar Radiosy" радиостанцияларының эфирінде орындалды.

Айта кетейік, биыл Мұқағали Мақатаевтың туғанына 94 жыл толып отыр.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны