10.04.2020, 23:06 6213

Мәдениет және спорт министрлігі жаңа жобаны қолға алды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі 10 сәуірден бастап 6-18 жас аралығында #onerli.oren хэштегімен өткізілетін "Өнерлі өрен" республикалық байқауы басталғанын жариялайды.

Алматы. 10 сәуір. Kazakhstan Today - Мәдениет және спорт министрлігі жаңа жобаны қолға алды.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі 10 сәуірден бастап 6-18 жас аралығында #onerli.oren хэштегімен өткізілетін "Өнерлі өрен" республикалық байқауы басталғанын жариялайды.

Аталған байқау - вокал (дәстүрлі, эстрадалық, академиялық), музыкалық аспапта ойнау (ішекті, пернелі, ұрмалы,үрмелі аспаптар бойынша), көркемсөз (өлең оқу шеберлері), бейнелеу және қолданбалы өнер жанрлары бойынша өтеді.

Байқауға қатысушылардың жасы: 6 мен 18 жас аралығы. Өнерпаздар жас шамасына қарай 6-9 жас-кіші топ, 10-13-жас-орта топ, 14-18-жас үлкен топ болып үшке бөлінеді.

Байқауға қатысу үшін алдын ала сапалы түсірген бейнежазбасы мен қатысушы туралы толық ақпаратты [email protected]

[email protected] электронды поштасына жолдайды. Байқауға қатысушы шығармасын жанды дауыста орындауы керек.

Әр жанрдан 10 қатысушыдан топталып бақ сынайды.

Түнгі 00:00-де бір жанр, бір жас шамасындағы 10 баланың бейнежазбасы @onerli.oren инстаграмм парақшасына, #onerli.oren хэштегімен және Onerli.Oren ютуб каналында жарияланады.

Дауыс беру- ЛАЙК арқылы тек инстаграм парақшасында жүргізіледі. Бір лайк-бір дауыс.

Дауыс беру әр жанрдан 10 қатысушының бейнежазбасы жариялаған сәттен бастап, 3 тәулік бойы ашық қабылданады, 3-ші күні 23:00-де дауыс беру тоқтатылады.

Жеңімпаздар 23:30-да парақшада жарияланып отырады. Қатысушының бейнежазбасы парақшада сақталып тұра береді, одан әрі қарай жиналған дауыстар мен жазылған пікірлердің байқауға қатысы болмайды.

Дауыс беру қатаң сүзгіден өтетін болғандықтан, бағдарламалар (бот) арқылы берілген дауыс есептелінбейді.

Бірдей дауыс жинаған өнерпаздар болған жағдайда, бірдей екі орын беріледі. Әр күнгі қатысушылар арасындағы жүлде: БАС ЖҮЛДЕ, 1-ОРЫН, 2-ОРЫН,3-ОРЫН.

Жүлдегерлерге ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің лауреаттық дипломы беріледі. Диплом электронды қалыпта көрсетілген поштаға жіберіледі. Орын алмаған қатысушыларға ҚАТЫСҚАНЫ ҮШІН дипломы беріледі.

Байқау жанрлары алдын ала жиналған бейнежазбалардың санына қарай жүреді.

Байқау соңында БАС ЖҮЛДЕ алған қатысушылар туралы толық ақпарат парақшада жарияланады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны