Система Orphus

Мұхит Әзірбаев Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

08.04.2019, 20:04 11854

Алматы. 8 сәуір. Kazakhstan Today - Мұхит Әзірбаев Алматы әкімінің орынбасары атанды.

Мұхит Әзірбаев Алматы қаласында туылған. Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің түлегі.

Жеке сектордағы жұмыста мол тәжірибе жинақтаған. Түрлі жылдары "Қуат-Агро" агрохолдингтік компанияның бас директоры, "Global Building Contract" ЖШС Қадағалау кеңесінің төрағасы болған, "АБН АМРО Банк" және "Казкоммерцбанк" АҚ лауазымды қызметтер атқарған.

2017 жылы "Алматы" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация басқармасының төрағасы болды. Жаңа тағайындауға дейін қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

тақырып бойынша жаңалықтар

Комментарии

Ең көп оқылғаны