25.11.2020, 23:40 11570

Мүмкіндіктері шектеулі азаматтар онлайн қызмет алуға үйретілуде

Маманның айтуынша, мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу түрлі мекемелерге баруды талап етпейді, оған қоса уақыт пен қаражат шығынын айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік береді.

Алматы. 25 қараша. Kazakhstan Today - Мүмкіндіктері шектеулі азаматтар онлайн қызмет алуға үйретілуде.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті халықтың, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында тұрақты негізде Egov.kz порталы арқылы электрондық мемлекеттік қызметтерді алу дағдыларына оқытуда.

Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының бас маманы Қанат Айтымов денсаулық жағдайына байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтарына баруға қиналған азаматша үшін жеке түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында маман электрондық-цифрлық қолтаңбаны алуға және мобильді азаматтар базасында қашықтықтан тіркелуге көмек көрсетті.

Маманның айтуынша, мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу түрлі мекемелерге баруды талап етпейді, оған қоса уақыт пен қаражат шығынын айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, Қанат Айтымов ЭЦҚ қолданылу мерзімі аяқталған жағдайда мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы телефон нөмірлеріне СМС-хабарламалар келіп түсетінін айтты.

Жаңа ЭЦҚ алу үшін әрбір адам Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығының интернет ресурсында (pki.gov.kz) ЭЦҚ қайта іске қосу сервисін пайдалана алады немесе "электрондық үкімет" порталы арқылы "ЭЦҚ қашықтықтан алу" функциясының көмегіне жүгіне алады. Қажет болған жағдайда, өзіңіздің мобильді телефон нөмірін ұялы азаматтар базасына тіркей алады.

Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қосымша сұрақтар бойынша 51 81 33 телефон нөміріне хабарласуға болады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны