12.11.2019, 16:16 13316

Мәскеуде Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының презентациясы өтті

Презентацияда ресейлік серіктестерімізге қазақстандық кино орталығының барлық мүмкіндіктері мен қызметінің бағыттарын көрсеттік: кино өндірісін қаржыландыру мен халықаралық бірлесіп шығаруды қолдаудан бастап, рибейтті енгізу мен "бірыңғай кинобилетті" жасауға дейін.

Нұр-Сұлтан. 12 қараша. Kazakhstan Today - Мәскеуде Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының презентациясы өтті.

- Ең ірі Кино және теледидар ассоциациясының құрамындағы Ресейдің алдыңғы қатарлы продюсерлерінің алдына шығу біз үшін өте маңызды, - деді Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының Басқарма төрайымы Гүлнәр Сәрсенова. Презентацияда ресейлік серіктестерімізге қазақстандық кино орталығының барлық мүмкіндіктері мен қызметінің бағыттарын көрсеттік: кино өндірісін қаржыландыру мен халықаралық бірлесіп шығаруды қолдаудан бастап, рибейтті енгізу мен "бірыңғай кинобилетті" жасауға дейін. Атап өту керек, мұндай алгоритммен ресейлік кино саласы бірінші жыл дамып жатқан жоқ, оларға мемлекеттік қаржыландыру мен әлемдік деңгейде киножобаларға қолдау көрсету жүйелері бұрыннан таныс.

Айта кетсек, Кино және теледидар продюсерлерінің ассоциациясы бүгінде 33 ірі компанияларды қамтиды, барлығын қоса алғанда олар ресейлік аудиовизуалды контенттің 50 пайызын өндіреді: телесериалдар, толықметражды және деректі фильмдер, анимациялық жобалар, телешоу. Ресейдің кинематографиялық саласының дамуына бұл құрылымның тікелей қатысы бар. С.Сельянов, И.Толстунов, А.Акопов, Ф.Бондарчук, А.Роднянский, С.Мелькумов, Р.Дишдишян, Д.Файзиев сияқты алдыңғы қатарлы продюсерлердің кәсіби тәжірибесі саланың ең өзекті мәселелерін анықтауға және оның шешімін табуға ықпал етеді.

- Презентация аяқталғаннан кейін ресейлік продюсерлер бізге рибейт, копродукция, жаңа "Кинематография туралы" Заң бойынша нақты сұрақтар қойды, - дейді Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының халықаралық стратегия бойынша жетекшісі және басқарма төрағасының бас кеңесшісі Анна Качко. Екі елдің кино саласының арасындағы перспективалар "Амедиа Продакшн", "Главкино", "Стар Медиа Дистрибьюшн", "Профит", "1-2-3 Production" компанияларын қызықтырды, бұл компаниялар бүгінде көптеген фильмдердің өндірушілері және Қазақстанмен серіктестік орнатуға қарсы емес.

Ресей продюсерлерінің кәсіби клубындағы кездесудің аяқталу шегінде, Ассоциация басшысы Сергей Сельянов Қазақстандық кино орталығын таныстырған тұлғалардың кинематографияны жаңартуға және жетілдіруге талпынған тәжірибелі продюсерлер екендігін атап өтті.

- Сондай-ақ, Қазақстан совет одағынан кейінгі кеңістіктегі көлемі бойынша үшінші орынды алатын кино нарығы ретінде біздің қызығушылығымызды тудырады, - деді С. Сельянов. Өз тарапымнан мен Кино орталығының басшылығының тағайындалуы мен бүгін бізге айтылған процестердің барлығын қолдаймын. Жақын арада бірлесе жасаған істеріміздің нәтижесін көреміз деген сенімдеміз.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны