09.01.2026, 10:45 123291

М.Әуезов атындағы театрда жөндеу жұмыстары тоқтатылған жоқ - министрлік  

М.Әуезов атындағы театрда жөндеу жұмыстары тоқтатылған жоқ - министрлік
Сурет: Instagram/reporterkz
Мәдениет және ақпарат министрлігі бірқатар БАҚ-та пайда болған М.Әуезов атындағы театрды қайта жаңғырту жұмыстарына қатысты ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

Министрлік мәліметінше, театрды жаңарту жұмыстары тоқтамаған.

Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында М.Әуезов атындағы театрды қайта жаңғырту жұмыстарының баяу жүріп жатқаны немесе тоқтатылып тұрғаны туралы жарияланған ақпараттарға байланысты төмендегіні хабарлаймыз. Нысанды қайта жаңғырту жұмыстары тоқтатылған жоқ. Қазіргі уақытта жоба жаңа қаржы жылының басталуын күтуде, содан кейін белгіленген тәртіпке сәйкес жұмыстарды жалғастыру үшін қажетті қаражат бөлінеді. Нысандағы жөндеу жұмыстары уәкілетті мемлекеттік органдардың тұрақты бақылауында. М.Әуезов атындағы театрды қайта жаңғырту оның тарихи және мәдени құндылығын сақтауға қойылатын барлық талаптарды сақтай отырып, толық аяқталатын болады", - деп хабарлады министрліктен.


 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны