11.06.2019, 19:42 8955

Маңғыстау ауданының әкіміне айыппұл салынды

25250 теңге көлемінде айыппұл мемлекет пайдасына өндірілді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі.

Нұр-Сұлтан. 11 маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ақпаратына сәйкес, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті "Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты" ММ-не қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Тексеру кезінде, "іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету кезінде аудан әкімі қызмет алушыға 8 жұмыс немесе 10 күнтізбелік күнге мерзімін бұза отырып рұқсат бергені анықталды.

Тексеру нәтижесімен, аталған кемшілікке жол бергені үшін, Маңғыстау ауданының әкімі Кушмаганбетов Тилек Жеткизгеновичке қатысты 07.06.2019ж. ҚР ӘҚБтК-нің 465 бабының 1 бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып айыппұл салынды. 25250 теңге көлемінде айыппұл мемлекет пайдасына өндірілді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны