02.11.2019, 14:27 8389

Маңғыстау облыстық жол сапасына бақылау жұмыстары жүргізілді

Жұмыс аясында мамандар асфальттан сынама алып, оның құрамын нормативік стандарттарына сәйкестігін арнайы зертханада тексеретін болады.

Нұр-Сұлтан. 2 қараша. Kazakhstan Today - "Сапалы жол - Адалдық алаңы" жобасы аясында Маңғыстау облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің ұйымдастыруымен автомобиль жолдарын салуға және жөндеуге бөлінген бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына кешенді мониторинг жұмыстары жүргізіліп келеді.

Осыған орай, 11 қыркүйек күні "Ата жолы" автожолына мониторинг жұмыстары жүргізіліп, салынған трасса бөлігінен сынамалар алынды (1-38 километр).Тексеру нәтижесінде жолдың тығыздық коэффиценті нормаларға сәйкес еместігі анықталды.

Осы тұрғыда, аталған жолды салушы мердігер "Ақжол құрылыс" ЖШС тарапынан анықталған кемшіліктерге келіспеуіне байланысты Департаментпен және"Ұлттық жол активтері сапасы орталығы" РМК филиалының қатысуымен аталған жол сапасына қайта бақылау жүргізілді.

Жұмыс аясында мамандар асфальттан сынама алып, оның құрамын нормативік стандарттарына сәйкестігін арнайы зертханада тексеретін болады.

Сонымен қатар, жолдың ені мен көлемі де назардан тыс қалмайды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны