16.09.2020, 23:23 9968

Маңғыстау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметіне Фарида Оразова тағайындалды

Фарида Орысбайқызы Маңғыстау облысында дүниеге келген. Білімі жоғары. Ш. Есенов атындағы Ақтау университетін экономика мамандығы бойынша тамамдаған.

Алматы. 16 қыркүйек. Kazakhstan Today - Маңғыстау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметіне Фарида Оразова тағайындалды.

Фарида Орысбайқызы Маңғыстау облысында дүниеге келген. Білімі жоғары. Ш. Есенов атындағы Ақтау университетін экономика мамандығы бойынша тамамдаған.

Еңбек жолын "Қаражанбасмұнай" АҚ тауар маманы қызметінен бастаған.

Маңғыстау облысының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің мүлікті басқару бөлімінің бас маманы, облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бақылау бөлімінің бас маманы, Ақтау қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмыстары бөлімінің бас маманы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша басқармасының консультанты, Маңғыстау облысы әкімі аппаратының кадр жұмыстары бөлімінің бас маманы, Маңғыстау облысы әкімі аппаратының ұйымдық-бақылау бөлімінің бас маманы, Маңғыстау облысы әкімі аппаратының кадр жұмыстары бөлімінің меңгерушісі, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бөлім бастығы, Маңғыстау облысы әкімі аппаратының аумақтық даму және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны