22.05.2020, 22:08 10662

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне Жамал Жаманбаева тағайындалды

Естеріңізге сала кетейік, Жамал Әбдібекқызы елдегі төтенше жағдай кезеңі аяқталғанға дейін Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының уақытша басшысы қызметін атқарды.

Алматы. 22 мамыр. Kazakhstan Today - Маңғыстау облысы әкімінің өкімімен және ҚР Денсаулық сақтау министрінің келісімімен Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне Жамал Жаманбаева тағайындалды.

Жамал Әбдібекқызы, Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданында дүниеге келген.

1988 жылы емдеу ісі, дәрігер мамандығы бойынша Алматының мемлекеттік медицина институтын тамамдаған. Еңбек жолын Жаңаөзен қалалық ауруханасының перзентханасында акушер-гинекология жөніндегі дәрігері қызметінен бастаған. Бейнеу орталық аудандық ауруханасының емдеу істері жөніндегі бас дәрігердің орынбасары, Бейнеу орталық аудандық ауруханасының әйелдер босанатын бөлімінің меңгерушісі, Маңғыстау облысы әкімдігінің Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық перзентхана" МКҚК дәрігер акушер-гинекологы, Маңғыстау облысы әкімдігінің Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық перинаталдық орталық" МКҚК дәрігер акушер-гинекологы, Маңғыстау облысы әкімдігінің Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Ақтау қалалық перзентханасы" МКҚК директоры, Маңғыстау облысы әкімдігінің Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық перинаталдық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК директоры қызметтерін атқарған.

Естеріңізге сала кетейік, Жамал Әбдібекқызы елдегі төтенше жағдай кезеңі аяқталғанға дейін Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының уақытша басшысы қызметін атқарды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны