24.02.2019, 20:52 14594

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов өңірде тарифтер төлемақысын төмендету бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтып берді

Білім беру саласы бойынша өткен жылы 3 241 орынды 36 балабақша пайдалануға берілді. Нәтижесінде 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды балабақшамен қамтамасыз ету көрсеткіші 97,2% құрады.

Ақтау. 24 ақпан. Kazakhstan Today - Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов өңірде тарифтер төлемақысын төмендету бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтып берді. Бүгінгі күні Ақтау қаласы бойынша электр энергиясының соңғы тариф 11% - ға 19,42 теңгеден 17,29 теңгеге дейін (ҚҚС есебімен) төмендетілді, яғни 2,13 теңгеге, Жаңаөзен қаласы бойынша 8,2% - ға-21,77 теңгеден 19,99 теңгеге дейін немесе 1,78 теңгеге және т.б. төмендетілді. Сонымен қатар, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап су тарифі 7% - ға және жылу бағасы 6% - ға төмендеді. Әр абонент үшін коммуналдық қызметтер тарифтерінің төмендеуінен орташа үнемдеу бір жылда шамамен 10 мың теңгені құрайды.Экономиканың түрлі секторларында цифрландыру элементтерін енгізу нәтижесінде жалпы үнемдеу 188 млн.теңгені құрады.

Білім беру саласында "балаларды балабақшаларға автоматты түрде кезекке қою" ақпараттық жүйесі, электрондық журналдар мен күнделіктер жүйесі енгізілді. mektep.edu.kz", "Е-колледж". Денсаулық сақтауда тіркелген халықтың 94% - электрондық денсаулық паспорты бар, медициналық ұйымдардың 89% қағазсыз құжат айналымына өтті. Әлеуметтік-еңбек саласында еңбек биржаларының электрондық порталы енгізілді "еnbek.kz. Көлік саласында ауданаралық және қалалық маршруттардың 104 автобусы GPS-навигаторлармен жабдықталған, мобильдік қосымша жұмыс істейді "InfoBus.kz. Ақтауда 65 қалалық және 39 қала маңындағы автобус қосылған "BusReport" диспетчерлік жүйесі пайдалануға берілді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында пилоттық режимде Ақтау қаласының 15 шағын ауданының 10 үйінде жалпы үйлік жылу есептегіш құралдары орнатылды. Қауіпсіздікті күшейту мақсатында Ақтау қаласы мен Маңғышлақ стансасының теміржол вокзалында 600 камера, ал Жаңаөзен қаласында 128 бейнекамералар орнатылады.

Білім беру саласы бойынша өткен жылы 3 241 орынды 36 балабақша пайдалануға берілді. Нәтижесінде 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды балабақшамен қамтамасыз ету көрсеткіші 97,2% құрады. Сонымен қатар, өткен жылы 6300 орындық 9 мектеппайдалануға берілді. Студенттер үшін 210 орындық жатақхана пайдалануға берілді.Жыл соңына қарай 460 орындық тағы екі жатақхана салынады.

Денсаулық сақтау саласы бойынша өткен жылы облыстық "Ана мен бала" перинаталдық орталығы, сондай-ақ мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында Жаңаөзендегі 250 орындық гемодиализ орталығы пайдалануға берілді. Спорт саласында 2018жылы облыста 7 спорт нысаны салынды.Биыл жеке инвестициялар есебінен тағы 11 спорт нысаны пайдалануға беріледі. Нәтижесінде 225 000 адам үнемі спортпен шұғылданатын болады.

Мәдениет саласында Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасы мен "Ұлы даланың жеті қыры"атты мақала аясында бірқатар іс-шаралар өткізілді. Мәселен, республикалық деңгейде "Амал" мерекесі, "Маңғыстау облысының материалдық және материалдық емес тарихи-мәдени мұрасын" зерттеу экспедициясы ұйымдастырылды. Қысқа мерзім ішінде жаңа жағалауда амфитеатр салынды. Тәуелсіздік күні қарсаңында "Миф алаңы"ашылды. Қазақтың көрнекті ақыны Абай Құнанбаевқа және Қазақ КСР Халық әртісі Нұрмұхан Жантұринге ескерткіш орнатылды.

Биыл да айтулы мәдениіс-шараларжоспарланыпотыр. Еңалдымен, бұл атақты қазақ жазушысы Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығын атап өту. Биыл Ақтауда Ә. Кекілбаевтың мұражайы ашылады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны