02.11.2019, 14:25 8372

Маңғыстау облысының студенттері жемқорлыққа бағытталған сауалнамадан ой түйді

Мәселен, студенттер оқу орнында сыбайлас жемқорлық қандай жағдайларда кездескендігі, колледжге түсу кезінде пара арқылы грантқа қабылдау бойынша қызмет ұсынылғандығы және оқытушылар өздерінің авторлық кітаптарын сатып алуға мәжбүрлеу деректері болғандығы бойынша сұрақтарына жауап берді.

Нұр-Сұлтан. 2 қараша. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдың 25-30 қазан аралығында білім саласында жемқорлық деңгейін анықтау мақсатында Ақтау қаласының 2 жоғарғы оқу орындары мен 14 кәсіптік техникалық білім беру ұйымдарының студенттері арасында жасырын сауалнама жүргізілді.

Әр түрлі сұрақтарға сан түрлі жауаптар берілді. Мәселен, студенттер оқу орнында сыбайлас жемқорлық қандай жағдайларда кездескендігі, колледжге түсу кезінде пара арқылы грантқа қабылдау бойынша қызмет ұсынылғандығы және оқытушылар өздерінің авторлық кітаптарын сатып алуға мәжбүрлеу деректері болғандығы бойынша сұрақтарына жауап берді.

Сауалнама барысында Маңғыстау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің бас маманы Нұргүл Мұқатай студенттерге өткізіліп жатқан сауалнаманың маңыздылығын айта өтіп, барлық жастарды парасатты, адал және әділ болуға шақырды.

Негізінен білім саласындағы сыбайлас жемқорлықты алдын-алуға бағытталған шараларды өткізудің кемі жоқ: конференциялар, дөңгелек үстелдер, форумдар, дебат-сайыстар. Өңірдегі бірқатар оқу орындарында "Адалдық дүкендері" ашылуда.

Студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру және студенттік ортада академиялық адалдық қағидатын енгізу мақсатында өңіріміздегі жоғары және арнаулы орта оқу орындарында "Саналы ұрпақ - жарқын болашақ" клубтары құрылып, адалдық, парасаттылық және әділдік қасиеттерін нығайтуға бағытталған іс-шаралар кешені жүргізіліп тұрады.

Жалпы Маңғыстау өңірінің жастары әсіресе биыл "Жастар жылында" жігерлі әрі белсенді екендігін айта өтіп, оларға сенім артамыз.Олардың теріс жолға түсуін болдырмауымыз қажет.

Үйде ата-ана, оқуда ұстаз, ал қоғамда сіз және біз болып нәтиже шығаруға асық болайық.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны