28.06.2019, 08:59 9751

Маңғыстау жастарының "Арысқа көмек" акциясы аясында 4 тонна гуманитарлық жүк жиналды

Ақтау. 28 маусым. Kazakhstan Today - Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының "Арысқа көмек" акциясы аясында жастарға арналған "Арман" коворкинг орталығында ашылған Түркістан облысы, Арыс қаласындағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендерге арналған гуманитарлық көмек жинау пунктінде 4 тонна гуманитарлық жүк жиналды. Оның ішіне азық-түліктер, киім-кешектер, дәрі-дәрмектер, жеке гигиена құралдары және бірінші кезекте қажетті заттар кіреді.
 
Зардап шеккендерге көмек көрсетуге Ақтау қаласының "Мағаш", "Масат" және "Асар-С" базарының саудагерлері, Маңғыстау облыстық дәрігерлер мен провизорлар қауымдастығы, жеке кәсіпкерлер, сонымен қатар, волонтерлар мен қала тұрғындары атсалысты. 
 
Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының директоры Абылай Фазылбек: "25 маусымнан бастап облыстағы барлық аудандық және қалалық жастар ресурстық орталықтарында көмек пункті өз жұмысын бастады. Ақтау қаласы бойынша аталған акцияға 30 волонтер жұмылдырып, арнайы ақпараттық іс-шаралар ұйымдастырылып, 1,5 күнде Ақтау қаласының жомарт азаматтарының қолдауымен 4 тоннаға жуық гуманитарлық жүк жиналды. Сонымен қатар, қала тұрғындары әкелген тез бұзылатын азық-түліктерді Маңғыстау облыстық мешіті жанындағы медресеге табыстадық. Жастарға арналған "Арман" коворкинг орталығында орналасқан көмек пункті ақшалай көмек түрін қабылдамады, ақшалай көмек көрсетемін деушілер "Түркістан" корпоративтік әлеуметтік даму қорына аудару керектігі түсіндірілді. Осы ретте,игі іске атсалысқан азаматтарға, қала тұрғындарына алғыс білдіреміз." 

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны