13.03.2020, 20:26 4148

Маңғыстауда амал мерекесін тойлау кейінге шегерілді

11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 жаңа коронавирустық инфекция пандемиясын жариялады.

Алматы. 13 наурыз. Kazakhstan Today - Маңғыстауда амал мерекесін тойлау кейінге шегерілді.

Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Қаныбек Жұмашев "Қоғамдық коммуникация орталығында" өткен брифингте мәлімдеді.

11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 жаңа коронавирустық инфекция пандемиясын жариялады. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөнінде нақты міндеттер қойды. Осыған орай, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов БАҚ өкілдеріне арнайы брифинг өткізіп, қабылданған шаралар туралы хабардар етті.

Үкімет қабылданған шешімге сәйкес, 13-14 наурыз күндері "Адай Ата - Отпан тау" рухани тарихи-м?дени кешенінде өтетін шара кейінге шегерілді. Шарада киіз үйлер тігіліп, 5 000-ға жуық адам жиналатындықтан, түрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін осындай шешім қабылданды.

"Амал мерекесі - татулықтың, келісімнің мейрамы. Ең бірінші кезекте адамның денсаулығы маңызды екенін біз түсінуіміз керек. Сондықтан ойымыз бір жерден шығып, ауызбіршілігімізді көрсетейік. Түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз", - деді сөз соңында Қ.Жұмашев.Аймақтағы адам көп жиналатын мәдени шаралардың барлығы тоқтатылды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны