07.03.2019, 18:49 27770

Маңғыстаудағы биылғы амал мерекесіне Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей оның ішінде Ноғай елінен делегаттар қатысады деп күтілуде

Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының директоры, тарихшы-өлкетанушы Құлбаев Нұрлан Абызұлы халықаралық конференцияның Амал мерекесі кезінде өткізудің өзі ұлттық құндылықтарымызды насихаттау екенін атап өтті.

Ақтау. 7 наурыз. Kazakhstan Today - Биыл амал мерекесі халықаралық деңгейде тойланады.

Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында "Маңғыстаудың тарихи-мәдени мұраларын зерттеудегі жаңа көзқарастар мен перспективалар" халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын және Амал мерекесін ұйымдастыру барысы талқыланған брифингте Маңғыстау облысы мәдениет басқармасының басшысы Сармурзина Пәния Оңалбайқызы айтып берді.

"Өздеріңізге белгілі Маңғыстаудағы биылғы амалдың басты ерекшелігі халықаралық дәрежеде өтуі. Ал тағы бір ерекшелігі мерекелік шара облыс орталығынан бастау алады. Наурыздың он үшінде қазақы қалыптағы көш Ақтау қаласынан Маңғыстаудың ең биік шоқысы Отпанға бет алатын болады, құрамында ел ақсақалдары мен ел ағаларынан бастап жігерлі жастар болатын бұл көште қазақтың салт-дәстүрі салтанат құрады. "Көш көлікті болсын" деп көшке құрмет көрсететін салтты Ақшұқыр ауылында түпқарағандықтар жасайды. Осылай басталған бірлік пен елдіктің мерекесіне Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей оның ішінде Ноғай елінен делегаттар қатысады деп күтілуде. Наурыздың он үшінде басталған мәдени шаралар бірлік отын жағуға жалғасатын болады. Биылғы тағы бір ерекшелік жастар жылына орай бірлік отын жағу эстафетасы жастарға берілетін болады. Ал он төрті күні жылдағы дәстүр бойынша салтанатты жиын өтеді, 40-тай киіз үй тігіліп, келушілер концерт тамашалауға мүмкіндік алады. Сондай-ақ Шетпе селосындағы ат жарыс алаңында бәйге өтеді",-дейді Пәния Оңалбайқызы.

Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының директоры, тарихшы-өлкетанушы Құлбаев Нұрлан Абызұлы халықаралық конференцияның Амал мерекесі кезінде өткізудің өзі ұлттық құндылықтарымызды насихаттау екенін атап өтті.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны