Система Orphus

Маңғыстауда жедел-жәрдем қызметкерлеріне қосымша үстемақы беріледі

16.04.2020, 10:31 8209

Ақтау. 16 сәуір. Kazakhstan Today - Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовтың шешімімен пандемияға қарсы күрестің алдыңғы легінде жүрген аймақтағы жедел-жәрдем қызметінің барлық 633 қызметкеріне 2 жалақы мөлшерінде тағы үстемақы берілетін болды. Осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 78 миллион теңге бөлінді. Қазір облыста барлық шақыртуларға 46 жедел-жәрдем бригадасы жұмылдырылған. Еңбекақысына қосымша бұл қаржы жедел-жәрдем қызметкерлерінің осыған дейін мемлекет тарапынан үстемақы алған, алмағанына қарамастан барлығына бірдей беріледі. "Маңғыстау облысында 6 мыңға жуық дәрігер бар. Оның ішінде

"Қауіпті індетпен күресуде тәулік бойы тынымсыз жұмыс істейтін жедел-жәрдем қызметіндегі дәрігерлер, фельдшерлер, санитар қызметкерлер мен жүргізушілердің еңбегі ерен. Ел үшін осы бір қиын сәтте уақытпен санаспай жұмыс істеп жатқан дәрігерлерге облыс халқының атынан алғысымды айтамын", -деді облыс әкімі С.Трұмов.

Естеріңізге сала кетсек Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күресіп жүрген медицина қызметкерлеріне көмек көрсету туралы шешім шығарған болатын. Онда "Қауіптілігі жоғары" - провизорлық стационарлар мен жедел жәрдем дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлеріне үш ай бойы үстемақы төленеді делінген.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны