30.04.2020, 11:28 11131

Маңғыстаулық ардагерлерге миллион теңгеден берілді

Өңірде Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай ҰОС қатысқан ардагерлер мен тыл майданында еңбек еткен ардагерлерді ұлықтау шаралары жүріп жатыр.

Алматы. 30 сәуір. Kazakhstan Today - Маңғыстаулық ардагерлерге миллион теңгеден берілді.

Өңірде Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай ҰОС қатысқан ардагерлер мен тыл майданында еңбек еткен ардагерлерді ұлықтау шаралары жүріп жатыр.

Қазіргі таңда облысымызда Ұлы Отан соғысына қатысқан 11 ардагер және 900 тыл ардагері бар.Мереке қарсаңында облыс әкімдігінің қолдауымен барлық ардагерлерге ақшалай материалдық қөмек есеп шоттарына аударылды. Оның ішінде 11 соғыс ардагерінің әрқайсысына 1 миллион теңгеден есеп шоттарына түсті. Сондай-ақ,

ҰОС мүгедектеріне - 1 млн. теңгеден,

Тыл еңбеккерлеріне - 40 АЕК - тен;

ҰОС мүгедектеріне теңестірілгендерге -60 АЕК және басқа да санаттағы әскерилерге қосымша қаражат берілді.

Бұдан бөлек, ардагерлердің туған күндері де ескерусіз қалып жатқан жоқ. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серікбай Төлетов Таушық ауылында тұратын ардагер Мәмбетов Ыбрайком және Ақтау қаласының тұрғыны ардагер Сухонос Станислав Трофимовичті облыс әкімі Серікбай Трұмовтың атынан арнайы құттықтап, алғыс хаттарын табыстады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны