10.08.2020, 18:19 7590

Маңғыстаулық волонтерлер тазалық эстафетасын бастады

Ақтау. 10 тамыз. Kazakhstan Today - Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасының қолдауымен, "Бекен" жас көшбасшылар достастығының ұйымдастыруымен Халықаралық Жастар күнінің және "Каспий" күнінің аясында "Таза өлке – таза Қазақстан" экологиялық акциясы өтті.

Эко-акция аясында "Ақтау – Форт-Шевченко" тас жолының "43 шақырымы" маңында тазалық жұмыстары жүргізіліп, 40-қа жуық қап қоқыс жиналды.

"Бекен" жас көшбасшылар достастығының директоры Манарбек Манепханұлы:

"Өңір тұрғындары мен қонақтарының сүйікті жеріне айналған бұл аймақтың тазалығы жөнінде өңір белсенділері мен БАҚ өкілдері өз алаңдаушылығын білдірген болатын. Бүгін біз облыс волонтерларымен бірлесіп, ауқымды тазалық жұмысын жүргіздік. Бұл аймақта тазалық жұмыстарына қажеттілік әлі де бар. Бүгінгі игі істі қатарластарымызға үлгі болып, қала тұрғындары мен қонақтарының бойында экологиялық мәдениет қалыптасуына септігін тигізеді деп сенемін. Аталған игі істі Халықаралық Жастар күні қарсаңында эстафета ретінде өңірдегі аудан және қала жастарына, жас мамандар кеңесінің, жастар ұйымдары мен қозғалыстарының өкілдеріне жолдаймыз."

Экологиялық акция облыстың түпкір-түпкірінде жалғасын таппақ.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны