24.10.2016, 16:28 4600

Мәдени керуен ОҚО Созақ ауданы Құмкент ауылына жетті

"ӨНЕРІМ САҒАН - АУЫЛЫМ" ҚР Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына - 25 гастрольдік сапар және "КІТАПХАНАЛЫҚ КЕРУЕН - 25 АУЫЛҒА" жобасыныӊ аясында автокеруен Созақ ауданы Құмкент ауылына табан тіреді.

Шымкент. 24 қазан. Kazakhstan Today - Ел Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына орай арнайы ұйымдастырылған мәдени шара керуені ОҚО Созақ ауданына қарасты Құмкент ауылына келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today аудан әкімдігініӊ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығын мерекелеуге байланысты Оӊтүстік Қазақстан облыс әкімініӊ төрағалығымен өткен мәжілісте аудандар мен қалаларға, шалғайда орналасқан елді мекендердіӊ тұрғындарына мәдени қызмет көрсету мақсатында облыстық өнер мекемелерініӊ гастрольдік іссапарларын ұйымдастыру тапсырылған болатын. "ӨНЕРІМ САҒАН - АУЫЛЫМ" ҚР Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына - 25 гастрольдік сапар және "КІТАПХАНАЛЫҚ КЕРУЕН - 25 АУЫЛҒА" жобасыныӊ аясында автокеруен Созақ ауданы Құмкент ауылына табан тіреді.

Керуен қонақтарын Құмкент ауылыныӊ ақ әжелері шашумен күтіп алып, кездесудіӊ қонақтары айтыскер ақын Ақмарал Леубаева, жазушы Захардин Қыстаубаев, мүшайралардыӊ жеӊімпаздары, жас ақындар Мұқағали Кенжетайұлы, Батырхан Сәрсенхан, Дәурен Айманбет тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, өз өлеӊдерінен үзінділер оқыды.

"Мәӊгілік елдіӊ - мәӊгілік мұрасы" кітап көрмесі ұйымдастырылып, осы керуенніӊ еӊ жас өкілі "Илемді кітап арқылы танимын" облыстық байқауыныӊ бас жүлдегері Дидар Ибадулла әуезді әнімен ауыл тұрғындарын бір серпілтіп тастады.

Ағымдағы жылдыӊ желтоқсан айына дейін жалғасын табатын аталмыш жоба, Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаӊында қорытындыланады.


Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны