18.01.2007, 12:54 1458

Мәдениет министрлігі жыл сайын өтетін алқа мәжілісіне Kazakhstan Today агенттігі тілшілерінің тіркелуіне рұқсат бермеді

АСТАНА. 17 қаңтар. Kazakhstan Today. Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрлігі бүгін Астанада өтетін алқа мәжілісіне Kazakhstan Today агенттігі тілшілерінің тіркелуіне рұқсат бермеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кеше таңертең министрліктің баспасөз қызметінің қызметкері агенттікке телефон соғып, бүгін түстен кейін өтетін алқа жиынына қатысатын журналистің аты жөнін, тегін беруді сұрады. Алайда, кеше кешкісін өзін таныстырмаған министрлік қызметкері агенттікке қайта телефон соғып, "залда орынның жетіспеуіне байланысты, жағымсыз жәйттердің болмауы үшін , сіздердің журналистеріңіздің алқа мәжілісіне келмеуін сұраймыз" , деді.

Оның сөзіне қарағанда, басқада бірқатар БАҚ журналистерінің жиынға қатысуына рұқсат берілмеген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны