20.03.2007, 15:01 3277

Мәдениет және ақпарат министрі БАҚ өкілдерімен шенеуніктер мен баспасөз арасындағы ықпалдастық мәселелерін талқыламақшы

АСТАНА. 20-наурыз. Kazakhstan Today. Мәдениет және ақпарат министрі БАҚ өкілдерімен шенеуніктер мен баспасөз арасындағы ықпалдастық мәселелерін талқыламақшы.

"Соңғы болған оқиғаға байланысты мен таяу уақыттарда бас редакторлар мен журналистерді, соның ішінде оппозициялық басылымдардың өкілдерін де шақыра отырып, ауқымды шара өткізіп, осы оқиғаның негізінде журналистер қалай жұмыс істеуге тиіс екендігі мен БАҚ туралы заң тұрғысынан шенеуніктердің міндеттері жайлы зерттемекшімін",- деп мәлдімдеді Ермұхамет Ертісбаев бүгін БАҚ-тардың өзін-өзі реттеуі мәселесіне арналған "дөңгелек үстел" барысындағы үзіліс кезінде журналистерге берген сұхбатында.

Мәдениет және ақпарат министрі өзі басқаратын мекеме "БАҚ туралы заңның журналистердің өз көзқарасы тұрғысынан бір басқа, ал билік тұрғысынан басқаша түсіндіріліп сан-саққа жүгіртілмеуіне әріқарай жағдай жасайды" деп атап өтті.

"Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы да ұмтылып отырған батыстағы БАҚ-тардың басты принципі - азаматтарға обьективті, шынайы, бұра тартпайтын әрі ақиқат ақпаратты жеткізу болса, еліміз де осы жолды бағдарға алған. Ал егер билік бұған әкімшілік тұрғысынан кедергі келтірсе, онда, әрине, проблема сөзсіз туындайды",- деді Е.Ертісбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны