18.10.2007, 14:12 2725

Мәдениет және ақпарат министрі жергілікті билікке үкіметік емес ұйымдарды қолдауға облыстық бюджеттің 1% көлемінде қаржы бөлуді ұсынады

Мәдениет және ақпарат министрі жергілікті билікке үкіметік емес ұйымдарды қолдауға облыстық бюджеттің 1% көлемінде қаржы бөлуді ұсынады.

Астана. 18 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Мәдениет және ақпарат министрі жергілікті билікке үкіметтік емес ұйымдарды қолдауға облыстық бюджеттің 1% көлемінде қаржы бөлуді ұсынады. Бұл туралы бүгін үшінші Азаматтық форумның жалпы отырысы барысында мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаев мәлім етті, деп хабарладйы агенттік тілшісі.

"Егер әрбір әкім үкіметтік емес ұйымдарды қолдауға облыстық бюджеттің 1% көлемінде қаржы бөлсе, ол үшін өңірді басқару мен жұмыс істеу біршама жеңілдейді дегенгі сенімім кәміл", - деп мәлімдеді министр.

"Үкімет тарапынан біз үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекет арасындағы ынтымақтастықты дамытуға қажетті жағдайды бекемдендіре түсеміз, ол бірінші кезекте орталық және аймақтық деңгейлерде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты мемлекет тарапынан қаржыландыру көлемін ұлғайту есебінен жүзеге асады", - деді Е. Ертісбаев. Оның атап көрсетуінше, "қазіргі таңда үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландыру көлемін ұлғайту жөніндегі президенттің тапсырмасын мемлекеттік органдардың бәрі бірдей орындап отырған жоқ".

Министрдің айтуынша, "әлеуметтік бағыттағы тоғыз министрліктің тек үшеуі ғана өз бюджеттерінде үкіметтік емес ұйымдардың жобаларын қаржыландыру жағын қарастырған".

"Өңірлерде де жағдай оңып тұрған жоқ", -деді Е. Ертісбаев. Оның айтуынша, соңғы екі жылда үкіметтік емес ұйымдарды қолдауға Астана қалалық әкімшілігі 300 млн астам теңге бөлсе, Алматы қалалық әкімшілігі 111 млн жуық теңге, Қарағанды облыстық әкімшілігі 70 млн теңге, Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімшілігі 12 млн теңге, Қостанай облыстық әкімшілігі 7 млн теңге бөлген.

"Уәкілетті мемлекеттік органдар өз саясатын жүзеге асыру мәселелерін жекелеген жобаларды жүзеге асыруға үкіметтік емес ұйымдарды тарту мүмкіндігі тұрғысынан сыни көзқараспен қайта бағалауға тиіс деп санаймын", - деді министр. "Бұл жерде азаматтық бастамаларды жүзеге асыру жөнінде ғана сөз болып отырған жоқ, бұл жерде мемлекет үшін де, қоғам үшін де пайдалы бастамаларды жүзеге асыру жайлы, соның ішінде бизнестің әлеуметтік белсенділігін көтеру, заң бұзушылықтардың, маскүнемдік пен нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру секілді қоғамдағы өзекті басқа да мәселелерді шешу жайлы айтылып отыр", -деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны