Система Orphus

Мәдениет және ақпарат министрлігі қолданыстағы "БАҚ туралы" заңға енгізілетін түзетулердің жобасын жасауда

30.06.2008, 17:22 444

Астана. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мәдениет және ақпарат министрлігі қолданыстағы "БАҚ туралы" заңға енгізілетін түзетулердің жобасын жасауда. Бұл туралы министрлік бүгін өткізген интернет-конференцияда мәлімденді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Мәдениет және ақпарат министрлігі қолданыстағы "БАҚ туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын жасау жұмыстарын расында да бастады", -делінген министрліктің ресми сайты www.sana.gov.kz-да қойылған сұраққа берілген жауапта.

Министрліктегілер "ол үшін арнаулы жұмыс тобы құрылғанын, оған Қазақстандағы "Internews network", Халықаралық сөз бостандығын қорғау жөніндегі "Иділ сөз" қоры, "Қазақстан журналистері одағы", "Бас редакторлар клубы", "Қазақстанның теле және радиохабарларын таратушыларының ұлттық қауымдастығы" секілді бейресми ұйымдардың өкілдері қамтылған.

"Жасалып жатқан түзетулер қолданыстағы заң жобасын либерализациялауға бағытталған. Ал қолданыстағы "БАҚ туралы" заң Қазақстан қоғамының қазіргі әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне сай келмейді", - делінген жауапта.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны