20.03.2007, 17:40 3106

Мәдениет және ақпарат министрлігі шетелдердегі қандастарды қолдау бағдарламасының жобасын жасауды жоспарлауда

АСТАНА. 20-наурыз. Kazakhstan Today. Мәдениет және ақпарат министрлігі шетелдердегі қандастарды қолдау жөніндегі 2008-2012-жылдарға арналған бағдарламаның жобасын жасауды жоспарлауда. Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаев министрлікте өткен алқа мәжілісінде құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Мемлекеттік тіл саясатындағы маңызды мәселелердің бірі - қандастарымыз ұйыса орналасқан өңірлерде оларға қолдау көрсету болып табылады",- деді ол. "Осы ретте шетелдердегі қандастарды қолдау жөніндегі 2008-2012-жылдарға арналған жаңа бағдарламаның жобасын жасау қажет",- деді ол.

Е.Ертісбаевтың айтуынша, "министрлік шетелдерде тұратын қандастарды ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесін құру үшін спутниктік "Caspionet" телеарнасының жұмысын жалғастыру, Қазақстанның радиолары мен отандық телеарналардың көршілес мемлекеттердегі қазақтар тығыз қоныстанған шекаралас аудандарға хабар тарату аясын кеңейту, сондай-ақ, мақсатты газеттер мен журналдарды қаржыландыру көлемін ұлғайтуды көздеп отыр". "Сонымен бірге отандастарымыздың ұлттық-мәдени бірлестіктерін қолдауға бағытталған бұқаралық-ұйымдастыру және мәдениеттанушылық жұмыстар жүйесінің ауқымын кеңейту қажет", деп санайды министр.

Е.Ертісбаевтың хабарлауынша, "таяу уақыттарда мемлекеттік мекемелердің Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығымен ықпалдастығының стратегиясы бекітіледі".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны