11.04.2018, 16:09 3632

"Махаббат. Үміт. Астана" сериалына мектеп жасындағы балалар арасында кастинг жарияланды

Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы "Махаббат. Үміт. Астана" атты сериалына балалар арасында кастинг жариялады. Сериалды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ ресейлік "Студия кино" компаниясымен бірлесе отырып түсіргелі жатыр

Алматы. 11 сәуір. Kazakhstan Today - Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы "Махаббат. Үміт. Астана" атты сериалына балалар арасында кастинг жариялады. Сериалды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ ресейлік "Студия кино" компаниясымен бірлесе отырып түсіргелі жатыр.

Кастингке Астана, Алматы және Қарағанды қалаларында тұратын балалар қатыса алады.

Қойылатын талаптар:

Ұл бала - 14-15 жас аралығындағы (қазақ, епті, өжет, түсірілімдерде тәжірибесі бар);

Қыз бала - 11-13 жас аралығындағы (қазақ, әдемі, епті, көӊілді, түсірілімдерде тәжірибесі бар).

Бала туралы ақпаратты (аты- жөнін, туылған жылын, бойын, басқа да түсірілімдерге қатысқаны туралы) және фотосуретті [email protected] электронды поштасына жіберуге болады.

Сонымен қатар, фотосуреттерді және бала туралы ақпаратты 8 701 991 3949 нөміріне WhatsApp арқылы жібере аласыздар (бұл нөмірге қоӊырау шалмауларыӊызды сұраймыз).

Естеріӊізге сала кетсек, былтыр 19 желтоқсанда Мәскеуде ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен "Первый канал" АҚ бас директоры Константин Эрнсттіӊ кездесуі барысында, екі ел кино индустриясы мен телевизия саласын дамыту бойынша ынтымақтастық жөніндегі келісім жасалып, бірлесіп кино түсіру туралы уағдаластыққа келген болатын.

Елорданыӊ мерейтойына арналып түсірілетін төрт сериалы көркем туынды Ресейдіӊ "Первый канал" телеарнасынан көрсетілетін болады. Сериалдыӊ режиссерлері - Иван Глубоков (Ресей) және Олжас Ермекбаев (Қазақстан). Аталған фильм мистика және фантастика элементтері бар мелодрама жанрында түсіріледі.

"Махаббат. Үміт. Астана" сериалыныӊ тұсаукесері 2018 жылдыӊ 6 шілдесіне - Астана қаласы күніне жоспарланған.

Режиссерлер туралы анықтама:

Иван Глубоков Бүкілресейлік Мемлекеттік кинематография иститутыныӊ аттерлік және режиссерлік факультеттерін тәмамдаған. "Первый канал" арнасында жұмыс істеген. Үстіміздегі жылдыӊ қаӊтар айында "Первый канал" арнасында режиссер түсірген "Сальса" сериалы үлкен сұранысқа ие болған.

Олжас Ермекбаев Астана қаласындағы Қазақ Ұлттық өнер университетін бітірген (скрипка класы бойынша, Р.Мұсақожаеваныӊ шәкірті); кейін Бүкілресейлік Мемлекеттік кинематография иститутыныӊ режиссерлік факультетін (А.К.Котт және В.К.Коттыӊ шеберханасы), сонымен қатар М.Ф.Литовчин атындағы Гуманитарлық телеарналар және радио институтын (кино және теле бағдарламалардыӊ продюсер мамандығы бойынша)тәмамдаған. Жас режиссер "Меніӊ әлемім - музыка" атты қазақтыӊ композиторы Ғазиза Жұбанованыӊ өнеріне арналған деректі фильмді, сондай-ақ бірнеше қысқаметражды картиналарды түсірген. Олардыӊ бірі, "Концерт" фильмі "Бастау" халықаралық кинофестивалінде Бас жүлдені иемденген.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны