06.01.2010, 17:54 3126

Махачкалада Мемлекеттік жол қозғалысының қауіпсіздігі жөніндегі инспекцияның ғимаратының жанындағы жарылыс салдарынан 5 милиционер қаза тапты

Махачкалада Мемлекеттік жол қозғалысының қауіпсіздігі жөніндегі инспекцияның ғимаратының жанындағы жарылыс салдарынан 5 милиционер қаза тапты

Алматы. 6 қаңтар. Kazakhstan Today - Махачкалада Мемлекеттік жол қозғалысының қауіпсіздігі жөніндегі инспекцияның ғимаратының жанындағы жарылыс салдарынан 5 милиционер қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today "РосБизнесКонсалтинг" (РБК) агенттігіне сілтеме жасап.

РБК ақпаратына сәйкес, бүгін таңертең Махачкалада қалалық Мемлекеттік жол қозғалысының қауіпсіздігі жөніндегі инспекцияның ғимаратының жанында жарылыс болды. Соның салдарынан 5 милиционер қаза тапты, тағы да үш қызметкер жараланды, олар ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ, бір әйел мен жігіт жарақаттанды.

Қаланың құқық қорғау органдарындағы ақпарат көзінің хабарлауынша, жарылысты жанкешті іске асырған. Ол отырған автокөлік ауысымды қабылдап алатын қызметкерлер үшін нұсқаулар беріліп жатқан сәтте іске қосылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны