08.11.2011, 13:25 3424

Майкл Джексонның дәрігері әншінің өліміне кінәлі деп танылды

Ант берген 12 адамнан тұратын сот алқасы әлемге әйгілі Майкл Джексонды қастандықпен өлтірген жоқ деген іс бойынша оның дәрігері Конрад Мюррейді (Conrad Murray) кінәлі деген үкім шығарды.

Лос-Анджелес. 8-қараша. Kazakhstan Today - Майкл Джексонның дәрігері әншінің өліміне кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, ант берген 12 адамнан тұратын сот алқасы әлемге әйгілі Майкл Джексонды қастандықпен өлтірген жоқ деген іс бойынша оның дәрігері Конрад Мюррейді (Conrad Murray) кінәлі деген үкім шығарды.

Бұл туралы Associated Press агенттігіне сілтеме жасай оырып РБК агенттігі жазады.

Енді әлем жұлдызы болған М.Джексонның дәрігері 4 жыл түрмеге жабылып, дәрігерлік лицензиясынан айырылады.

Естеріңізге сала кетейік дүниежүзіне танымал әртіс М.Джексон 2009 жылдың 25 маусымында 51 жасында дүниеден озған. Оның дәрігеріне әншіні қастандықпен өлтірмеді деген айып 2010 жылдың қаңтарында айтылған болатын. Осы іс бойынша тыңдау алты апта бойы жалғасып, бүгін сот алқасы өз үкімдерін жария етті.

Айыптаушылар К.Мюррей әншіге белгіленген мөлшерден тым артық деңгейде ұйықтататын екпе салғандықтан әнші оны көтере алмай көз жұмған және дәрігер оны құтқарып қалу үшін ешқандай әрекет жасамаған деген шешімге келіп, оны кінәлі деп тапты.

Дәрігердің өзі болса кінәсін мойындамауда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны