12.11.2012, 12:58 3166

Мақат ауданы Ескене ауылының тұрғындары Атырау қаласынан жаңа пәтерлерді иеленді

"Самұрық Қазына" ҰИҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін Мақат ауданы Ескене ауылының 80 отбасы Атырау қаласындағы "Нұрсая" шағын ауданынан салынған пәтердің кілттерін алды. Ескенеліктердің қоныс аударуына қаражат бөлген - "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ.

Алматы. 12-қараша. Kazakhstan Today - Мақат ауданы Ескене ауылының тұрғындары Атырау қаласынан жаңа пәтерлерді иеленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Самұрық Қазына" ҰИҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін Мақат ауданы Ескене ауылының 80 отбасы Атырау қаласындағы "Нұрсая" шағын ауданынан салынған пәтердің кілттерін алды. Ескенеліктердің қоныс аударуына қаражат бөлген - "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ.

Байшонас пен Ескене - "Ембімұнайгаз" АҚ ("ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ 100% еншілес компаниясы) игеретін кен орындарында орналасқан ауылдар. Тұрғындарды Атырау қаласына көшіру қажеттілігі Байшонас пен Ескене кеніштерінің сарқылуына және аталған ауылдардағы күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты туындады.

2012 жылдың мамыр айында ҚМГ БӨ Директорлар кеңесі Байшонас пен Ескене тұрғындарына Атырау қаласынан пәтер сатып алуға және оларды облыс орталығына көшіруге 5,4 млрд. теңге қаражат бөлу туралы шешім қабылдады. Қоныс аудару жобасының операторы облыс әкімшілігі болғандықтан, аталған қаржы толықтай Атырау облысы әкімшілігінің есеп-шотына аударылды.

"Өздеріңіз жақсы білесіздер, біздің компания Байшонас пен Ескенені көшіруге тікелей атсалысып отыр. Мен өзім бір жылда екі рет осы ауылдарға барып, адамдармен кездестім. Ауылдың жағдайын өз көзіммен көріп қайттым. Қандай проблемалар барын тұрғындардың өз аузынан естідім. Қолдан келгенше, көмек көрсетуге уәде берген болатынмын", деді қоныс иелерін құттықтаған "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ Бас директоры Алик Айдарбаев. "Біздің мұнайшылар енді Байшонас пен Ескенеде вахталық әдіспен еңбек етеді. Оларды өндіріс басына дейін жеткізуді ұйымдастыратын боламыз".

Алғаш болып қалаға Ескене тұрғындары көшіп барды. Кезекте - Байшонас ауылы.

"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ кен орындарының маңындағы елді мекендердің қажеттіліктеріне ерекше көңіл бөледі. 2010 жылы Компания Қошқар, Бек-бике, Комсомол тұрғындарының Атырау қаласы мен Махамбет ауылына қоныс аударын қаржыландырған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны