02.08.2016, 19:13 4661

Мақтарал ауданындағы жағдай ОҚО әкімініӊ бақылауында

Отырысқа ҚР ішкі істер министрініӊ бірінші орынбасары М.Демеуов пен құқық қорғау органдарыныӊ өкілдері және облыстық, сондай-ақ, аудандық әкімдіктердіӊ қызметкерлері қатысты.

Астана. 2 тамыз. Kazakhstan Today - Сейсенбі, 2 тамыз күні Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Бейбіт Атамқұлов Мақтарал ауданындағы Ералиев ауылдық округіне қарасты Сейфуллин елді мекенінде құрылған шұғыл штабтыӊ жиынын өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Отырысқа ҚР ішкі істер министрініӊ бірінші орынбасары М.Демеуов пен құқық қорғау органдарыныӊ өкілдері және облыстық, сондай-ақ, аудандық әкімдіктердіӊ қызметкерлері қатысты.

Штаб жиыны барысында облыс әкімі қабылданған шаралар жайымен танысып, аталған елді мекенде тәртіп пен заӊдылықты қамтамасыз ету үшін нақты тапсырмалар берді.

Мұнан соӊ Бейбіт Атамқұлов жергілікті халықпен, оныӊ ішінде, ауылдыӊ ақсақалдарымен және аудандық мәслихат депутаттарымен кездесті. Онда өӊір басшысы кәмелет жасқа толмаған жасөспірімніӊ зорлық-зомбылық әрекетініӊ расталмағанын айтып, медициналық сараптаманыӊ қорытындысын жариялады. Аймақ басшысы аталған жағдайдыӊ қылмыстық сипатта екенін атап өтіп, ауыл тұрғындарын жалған ақпараттар мен қауесеттерге сенбеуге шақырды.

Жиын кезінде облыстыӊ бас прокуроры И.Иманов сөз алып, елді мекенде заӊ бұзушылықты болдырмаудыӊ қажетті шаралары қабылданғанын жеткізді.

Аталған елді мекендегі қоғамдық қауіпсіздік пен тұрақтылықтықты қамтамасыз ету шаралары жалғасатын болады.

Жағдай қатаӊ бақылауда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны