14.01.2016, 09:02 19397

Мал ашуы - жан ашуы

Атырау облысында "Монолит инвест" компаниясыныӊ басшылығы жылқылары қазылып бітпеген арнаға құлап, арам өліп қалған тұрғындармен кездесті.

Астана. 14 қаӊтар. Kazakhstan Today - Атырау облысында "Монолит инвест" компаниясыныӊ басшылығы жылқылары қазылып бітпеген арнаға құлап, арам өліп қалған тұрғындармен кездесті. Иуелде "біздіӊ мекеменіӊ ешқандай кінәсі жоқ" деп басшылық басын алып қашқанымен, тілдесе келе жағдайды жасаймыз деді. Ал, айдыӊ күнніӊ аманында қорадағы сәйгүліктері жаппай қырылып қалған ауыл тұрғындары басшылықтық сөзіне сеніп отырған жоқ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Жайылып жүрген жылқыларымыз арам өлді" деп ашуға булыққан ауылдықтарды сабасына түсіріп, тілдесуге бүгін "Монолитинвесткомпанидыӊ" басшылығы келді. Қырық бес бас сәйгүліктіӊ қазылып жатқан арыққа құлап, жаппай қырылуына компанияныӊ кінәсі жоқ деп, тұрғындарды көндіргісі-ақ келген. Алайда айдыӊ- күнніӊ аманында қорадағы малынан айырылған ауылдықтар мұнымен келіспейді, деп хабарлайды www.31.kz тілшісі.

МҰРАТ ҚАДЫРОВ, ауыл тұрғыны:

- Заӊды налогын төлеп отырған, асырап отырған малымыз. Советте тіркеулі тұр. Медициналық нелердіӊ барлығын алып тұрған малдар. Енді төлеу керек деп есептеймін. Кім төлейтінін енді заӊ орындары шешетін шығар.

МАРАЛБЕК СЕЙІЛХАНОВ, ауыл тұрғыны:

- Малымызды өтеу керек. Таӊбасын, енін бәрін шығарып тұрмыз. Өзіміз бес күннен бері "Жаӊаталап" кен орнында жүрміз, қар-суға түсіп.

Газ құбырын қазуды тамыз айында бастаған "Монолитинвесткомпани" жауапкершілігі сақтаулы серіктестігі өткен жылдыӊ желтоқсан айында жұмысын аяқтауға тиіс болғанымен, ол жұмыс күні бүгінге дейін созылған. Ал, аталған серіктестік басшысыныӊ айтары басқа.

БИБІНҰР ЖҮСІПОВА, "Монолитинвесткомпани" ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:

- Бұл жерде "Монолитинвесткомпани" өзін кінәлімін деп санамайды. Жұмысымызбенен осы қолайсыз жағдайдыӊ бір-біріне қатыстығы жоқ. осы жағдайды түсініп, көмектесіп, бір шешімге келіп қолдау көрсетуге дайын екенін айтамын.

"Өзімізді кінәлі деп санамасақ та қолымыздан келген көмекті жергілікті халыққа жасаймыз" деген басшылық тұрғындармен жеке-жеке кездесіп, мәселеніӊ шешімін табамыз деді. Ал, "бір бас малымыз екеу болсын деп отырғанда көзді ашып жұмғанша жылқыларымыз арам қатты" деген ауылдағылар, "басшылық берген уәде, сөз-бұйдаға салынып кетпесе екен" дейді.

Ал жылқылар апанға құлап, ауылдағылар аӊтарылғанда бас көрсетпеген ауданныӊ атқа мінерлері бүгін тұрғындармен кездесіп, қырылған малдыӊ есебін шығарып қойдық деп отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны