12.12.2011, 14:33 5057

Малайзияда мұсылмандарға арналған ұялы телефон шығарылды

Мұсылмандар үшін құбыланың орналасқан бағытын көрсететін, намаз уақыты кіргенде автоматты түрде дыбыссыз режімге көшетін және өзге де "ақылды" функциялары бар мобильді телефон шығарылды. Бұл туралы Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының ресми сайтында хабарланды.

Алматы. 12-желтоқсан. Kazakhstan Today - Малайзияда мұсылмандарға арналған ұялы телефон шығарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, мұсылмандар үшін құбыланың орналасқан бағытын көрсететін, намаз уақыты кіргенде автоматты түрде дыбыссыз режімге көшетін және өзге де "ақылды" функциялары бар мобильді телефон шығарылды. Бұл туралы Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының ресми сайтында хабарланды.

Enmac MQ710 сауда белгісін иемденген қалта телефонын Малайзияның жергілікті "Enmac" компаниясы жасап шығарды. Телефонға араб тілін қоса алғанда барлығы 30 ұлттың тілінде Құран мәтіні орналастырылды. Байланыс құралынан сондай-ақ Пайғамбардың (с.ғ.с.) хадистерін де табуға болады.

Онымен бірге, ұялы телефон мұсылмандар үшін аса қажетті бірнеше бағдарламамен қамтамасыз етілген. Мәселен, "Qibla Compass" бағдарламасы арқылы құбыланың орналасқан бағытын білуге болса, "Zakat Calculator" арқылы зекеттің құнын тез арада есептеп шығара аласыз. Сондай-ақ намаз басталған уақытта телефон дауыссыз режімге автоматты түрде көшеді.

Телефонның бағасы әзірше 160 АҚШ доллары көлемінде белгіленіп отыр. Болашақта "Enmac" компаниясы мұсылмандарға арнап плеер, ноутбук тағы да басқа құрылғыларды шығаруды ойластыруда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны