03.10.2017, 17:10 4006

Мәлік Мырзалин ақмолалықтарды халықаралық Қарттар күнiмен құттықтады

Бүгiнгi таӊда Ақмола облысында 100 мыӊнан астам зейнеткер, соныӊ iшiнде, 6 мыӊнан астам тыл еӊбеккерi, 99 Ұлы Отан соғысыныӊ ардагерi өмiр сүрiп жатыр. Жастардыӊ бастамасымен қатар, үлкендердiӊ өмiр тәжiрибесi қажет болатын қазiргi жағдайда осы ардагерлердiӊ бiлiмдерi, ақыл-парасаты мен бай iс-тәжiрибелерiнiӊ маӊызы ерекше.

Көкшетау. 3 қазан. Kazakhstan Today - Ақмола облысыныӊ әкімі Мәлік Мырзалин жерлес қарияларын халықаралық Қарттар күнiмен құттықтады. Онда былай делінген:

"Сiздердi шын жүректен халықаралық Қарттар күнiмен құттықтаймын!

Бiздiӊ баршамызға бұл мереке мемлекетiмiздiӊ алтын қоры болып табылатын аға ұрпаққа өзiмiздiӊ тереӊ құрмет сезiмiмiз бен алғысымызды бiлдiруге тағы бiр қолайлы мүмкiндiк туғызып отыр. Сiздердiӊ азаматтық патриотизмге толы өнегелi өнер жолдарыӊызға, асқан шыдамдылықтарыӊыз бен болашаққа шексiз сенiмдерiӊiзге, елiмiздiӊ әлеуметтiк-экономикалық дамуына, сондай-ақ, жас ұрпақты тәрбиелеу iсiне қосқан баға жеткiзгiсiз үлестерiӊiзге зор ризашылығымызды бiлдiремiн.

Бүгiнгi таӊда Ақмола облысында 100 мыӊнан астам зейнеткер, соныӊ iшiнде, 6 мыӊнан астам тыл еӊбеккерi, 99 Ұлы Отан соғысыныӊ ардагерi өмiр сүрiп жатыр. Жастардыӊ бастамасымен қатар, үлкендердiӊ өмiр тәжiрибесi қажет болатын қазiргi жағдайда осы ардагерлердiӊ бiлiмдерi, ақыл-парасаты мен бай iс-тәжiрибелерiнiӊ маӊызы ерекше.

Бүгiнгiдей айтулы күнi сiздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, өмiрдiӊ бар жақсылығы мен бақыт тiлеймiн. Сiздердiӊ өмiрлерiӊiз тек қана қуанышты, жарқын оқиғаларға, өздерiӊiздiӊ айналаӊыздағы адамдардыӊ, сiздердi сүйетiн және қамқор болатын балаларыӊыз бен немерелерiӊiздiӊ, достарыӊыздыӊ жылы iлтипатына толы болсын".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны