12.10.2017, 16:31 5310

Мәлік Мырзалинніӊ төрағалығымен кадрлық комиссияныӊ кезекті отырысы болып өтті

Ақмола облысыныӊ әкімі Мәлік Мырзалинніӊ төрағалығымен кадрлық комиссияныӊ кезекті отырысы болып өтті.

Көкшетау. 12 қазан. Kazakhstan Today - Ақмола облысыныӊ әкімі Мәлік Мырзалинніӊ төрағалығымен кадрлық комиссияныӊ кезекті отырысы болып өтті.

Жиында Еӊбекшілдер ауданыныӊ әкімі А.Қиықовтыӊ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және кадр саясаты мәселесі бойынша лауазымды тұлғалар қызметін бақылаусыз жібергеніне байланысты тәртіптік жауапкершілігі қаралды. Облыс әкімі аппаратыныӊ жетекшісі Қанат Шөкеновтіӊ мәліметі бойынша, Степняк қаласында салынған 21 пәтерлі тұрғын үйді бөлуге қатысты қалыптасқан жайды анықтау мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылып, пәтер бөлуде тұрғын үй заӊнамасыныӊ талаптарыныӊ өрескел бұзылғандығы анықталған. Мұндай заӊсыздық аудан әкімініӊ орынбасары Амангелді Мешелов жетекшілік еткен тұрғын үй комиссиясыныӊ жұмысындағы кемшіліктерге сай орын алды. Осыған орай, аудан әкімініӊ орынбасары Амангелді Мешелов қызметінен босатылды. Ал, кадрлық комиссия отырысыныӊ қорытындысы бойынша аудан әкімі Асқар Қиықов қатаӊ сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны