22.01.2016, 09:51 4914

Мальтада мас қазақстандық 6 адамға шабуыл жасады

Мас күйдегі қазақстандық Мальтада 6 адамға пышақ ала жүгірген. Оған сот 116 еуро айыппұл салып, 10 айға түрмеге жапты

Астана. 22 қаӊтар. Kazakhstan Today - Мас күйдегі қазақстандық Мальтада 6 адамға пышақ ала жүгірген. Оған сот 116 еуро айыппұл салып, 10 айға түрмеге жапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

23 жасар Айбек Манапов 20 см пышақпен 6 адамға шабуыл жасағанын мойындаған, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Мәмілегер судья Донателла Френдо Димек бейсенбі күні таӊертеӊ Айбек Манаповқа 3 жыл шартты және 10 ай түрмеге қамау жазасын кесті. Оған 116 еуро айыппұл салынған.

Сотта айғақ ретінде бейнебақылау камерасыныӊ жазбасы, пышақ және қазақстандықтыӊ жеке куәлігі ұсынылды.

Жігіт бір келіншекті жеӊіл жарақаттап, 5 адамға шабуыл жасап, қоғамдық тәртіпті бұзған. Сонымен қатар, рұқсатсыз суық қару алып жүргені үшін айыпталып отыр.

Қазір А.Манапов Мальта аумағында, ол онда 2015 жылдыӊ қазан айынан бері ағылшын тілін үйренуде. Тіл курсы 2016 жылдыӊ мамыр айында аяқталуы тиіс. Алайда сот басқа студенттерге қауіп төндіретіндіктен оны мүмкіншілік туа қалған жағдайда ел аумағынан шығарып салу керек деген шешім қабылдады.

Айыпталушыныӊ қорғаушысы Джозеф Мицци А.Манапов атынан зардап шегушілерден кешірім сұрады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны