10.01.2008, 19:08 3813

Мамандар Ертістің саласына құлаған аспан денесі метеорит болуы мүмкін деген ой айтуда

Мамандар Ертістің саласына құлаған аспан денесі метеорит болуы мүмкін деген ой айтуда

Павлодар. 10-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Мамандар Ертістің саласына, атап айтқанда Белая өзеніне құлаған аспан денесі метеорит болуы мүмкін деген ой айтуда, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі оқиға орынынан.

Павлодар облысының Май ауданында Ертіс өзенінің саласы - Белая өзеніне құлаған аспан денесінің бөлшектерін іздеу жұмыстары жалғасуда. Шұғыл әрекет ету қызметінің мамандары ауа мен судың құрамын тексерген. Кеше сүңгуірлер өзен түбін қайта тексеріп шыққан. "Изірге мұнда нақты не болғанын айту қиын. Бірақ, қалың мұз қабатының тесілгені айдан анық. Ал бұл үшін 10 тоннадан кем емес аса үлкен салмақ немесе жойқын соққы керек", - деді Май ауданының судан құтқару қызметінің старшинасы Дәркен Ыдырысов.

Оның айтуынша, қалыңдығы шамамен 60 см болатын мұз радиусы 40 метр жерде ойылған. "Біз бұны шынында да меторит болды деп ойлаймыз. Ол мұзды тесіп өтіп әріқарай жерге кіріп кеткен", - деген пікірде суда құтқару қызметінің старшинасы.

"Мұзда қолмен мұндай ойық жасау мүмкін емес", - дейді мамандар. Санитарлық дәрігерлер радиациялық жағдайды тексерістен өткізген. Ресми мәліметке сүйенсек, радиация шектен шықпаған. Тиісті мемлекеттік органдар Шыған аулының маңында не болуы мүмкін деген мәселеге байланысты әзірге мәлімдеме жасаудан бас тартуда.

Бұрын хабарлағанымыздай, қаңтардың 4-інен 5-іне қараған түні Май ауданының Шыған ауылының және көрші елдімекендердің тұрғындары Ертістің саласына белгісіз объектінің құлағанын көрген. Бұған қоса құлау кезінде таңғажайып ашық көк түске боялған. Ертеңінде Белая өзенінде адамдар үлкен ойықты тапқан. Сол күні-ақ ол жерді полиция қоршауға алған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны