11.08.2008, 17:02 3112

Мамандар Оңтүстік Қазақстан облысында қайтыс болған ер адам күйдіргі ауруын мал сою кезінде жұқтырды деген ақпаратты жоққа шығарды

Мамандар Оңтүстік Қазақстан облысында қайтыс болған ер адам күйдіргі ауруын мал сою кезінде жұқтырды деген ақпаратты жоққа шығарды

Шымкент. 11 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Мал дәрігерлік қызмет күйдіргі ауруынан туындаған өлім жылқы сою кезінде аталмыш ауруды жұқтыру салдарынан болған деген ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы журналистерге Төле би ауданының мал дәрігерлік инспекция бастығының орынбасары Еркебай Дәрменов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Біз мал сойылған жерден сол арада қан алдық. Күйдіргінің қоздырғышы табылған жоқ. Содан кейін республикалық зертханалық орталықтан мамандар шақыртылды. Олар марқұмның осы малдың қанынан ауруды жұқтыруы мүмкін емес деп тапты. Өйткені, сойылған жылқы күйдіргімен ауырмаған", - деп хабарлады Е. Дәрменов.

Марқұм Мадияр Сейітқұловтың әкесі де ұлының жылқы сою кезінде ауру жұқтыру мүмкіндігін жоққа шығарып отыр. "Ұлым тіпті жылқы союға қатысқан да жоқ", - дейді ол.

38 жастағы М. Сейітқұловтың күйдіргі ауруын қайдан жұқтырғаны әлі күнге дейін белгісіз қалпында қалып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны